• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тұлға Бүгін, 12:40

Торғайда Міржақып тойы басталды

10 рет
көрсетілді

Торғай төрінде Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы аясындағы мерекелік іс-шаралар басталды, деп жазады Egemen.kz.

Мерейтой барысында алаш арысының кіндік қаны тамған Қызбел өңірінде жатқан Бидайық ауылында Міржақып Дулатұлының қайта жаңартылған музей-үйінің ашылу рәсімі өтті.

Той қонақтары Міржақып кесенесінің басына дұға бағыштап, алаш жоқшысының рухына тағзым етті.

Дәл қазір Торғай ауылының іргесінде бой көтерген той қалашығында мерекелік думан қызып жатыр. Мұнда жетпістен аса ақ шаңқан киіз үй тігілген . Әр аудан арнайы көрме әзірлеп әкеліп, меймандарға дәм ұсынып, ән-күйден шашу шашып жатыр.

Сонымен қатар Торғай ипподромында ат спорты түрлерінен жарыс басталды.

Соңғы жаңалықтар