• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 09:25

Төрт минутта – үш гол

10 рет
көрсетілді

Алматының «Қайрат» футбол клубы УЕФА чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы матчында Португалияның «Спортинг» клубына ірі есеппен есе жіберді. Ел футболының дәреже-деңгейі таразыланған тартысты ойын Лиссабон қаласында өтті.

Жетпіс жылдық жылнамасы бар алматылық клуб биыл тұңғыш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алып, жанкүйерлер­ді қуантты. Дегенмен де ал­ғаш­қы жорық сәтсіз болды. Рафаэль Уразбахтин баптай­тын «Қайрат» ойыншылары «Спортинг» футболшылары­нан 4:1 есебімен ой­­сырай ұтыл­ды. 21-минутта «Спортингтің» капитаны Мортен Юльман­ның пенальтиін «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шер­хан Қалмырза қайтарды. Алматылық клубтың негізгі қақ­пашылары Александр Заруцкий де, Темірлан Анар­беков те жарақат алып, бұл ойынға қатысқан жоқ. Жалпы, алматылық клубтың қорға­ны­сы алаң иелерінің қысымына 1-таймның 43-минутына дейін шыдас берді. Шерхан Қалмыр­за қақпаға тура бағытталған бір­неше жойқын соққыны тойтарды. Бірақ басымдықты уысынан шығармаған «Спортинг» ойыншылары 44-минутта есеп ашып, Франсишку Тринкан еншісіне гол жазды.

Екінші таймда біздің жігіт­тердің шалдығып қал­ғаны тіпті анық байқалды. Лиссабондық клуб­тың бас бапкері Руи Бор­гес 61-минутта үш бірдей ойын­шысын алаңға шығарды. Осыдан кейін-ақ ойынның бағыты өзгеріп сала берді. Тринкан 64-минутта есепті еселеп, дубль жасаса, 66-минутта Алиссон Сантос, 68-минутта Жеовани Кенда гол соқты. «Қайрат» сапынан 86-минутта Эдмильсон Рикардиньо есеп айырмасын қысқартты.

«Жалпы кезеңдегі беташар матчтағы жеңіліс жа­ны­мызға батады. Қателікке жиі ұрындық, біздің жігіттерде де гол соғатын мүмкіндік болды. Ойыннан қорытынды шығарып, команданы күшей­туге тырысамыз», деді Р.Ураз­бахтин.

«Қайрат» футболшылары Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші матчын өз алаңында өткізеді. 30 қыркүйекте Алматының «Орталық стадионында» Испа­нияның атақты «Реал Мадрид» клубын қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар