• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан Бүгін, 19:50

«Күшіміз – бірлікте»: Қарағандыда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мурал пайда болды

30 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласында Республика даңғылы, 4-үйдің қасбетінде жаңа ауқымды арт-жоба аяқталды. Оның негізгі идеясы «Күшіміз – бірлікте» деген сөздер арқылы бейнеленген, деп жазады Egemen.kz.

Мурал Қазақстанды – тағдырлар, мәдениеттер мен дәстүрлер тоғысқан біртұтас өрнек ретінде сипаттайды. Түрлі этностар бір-бірімен астасып, мызғымас байланыс құрайды. Мұнда әр түс пен әр өрнектің маңызы бар, өйткені дәл осы алуандық үйлесімділік пен күш-қуатты тудырады.

Жобаға «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында ерекше мән берілді: мурал – елдің бүгінін және болашағын қалыптастыратын еңбек адамдарына деген құрметтің белгісі. Сондай-ақ, жобаны жүзеге асыруға биыл 85 жылдығын атап өтіп отырған KLMZ компаниясының қатысуы да символдық мәнге ие.

Жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қарағанды облысы әкімдігінің, KLMZ зауытының, Урбанистика орталығының, AiR_G суретшілерінің және «Ассамблея жастары» РҚБ-ның қолдауымен іске асты.

ҚХА-ның 30 жылдығы аталып өтіп жатқан биылғы жылы бұл мурал айрықша мәнге ие. Ол қаланың сәнін кіргізетін өнер туындысы ғана емес, еліміздің ортақ болашағына әр этностың қосқан үлесін құрметпен еске салатын, диалог пен сыйластықтың маңызды символына айналды.