Мысыр туризм және ежелгі тарих министрлігі 3 мың жыл бұрынғы алтын білезіктің қолды болғанын хабарлады. Жәдігер перғауын Аменемоп дәуіріне тиесілі, деп жазады Egemen.kz.
Білезік Каирдегі Египет мұражайының жөндеу зертханасынан жоғалып кеткен. Лазурит орнатылған көне әшекейдің суреті әуежайлар мен шекара бекеттеріне таратылды. Билік құнды мұраның шетелге кетіп қалуынан алаңдаулы.
Баспасөзге сүйенсек, білезік Римде өтетін көрмеге дайындық кезінде ұрланған болуы мүмкін. Қазір істі прокуратура қарап жатыр.
Египетке ежелгі жәдігерлерді көруге туристер ағылуда. 2025 жылы елге 18 млн қонақ келеді деп күтілуде. Ал биыл қарашада Гиза пирамидалары маңында құны 1 млрд долларлық көрме ашылады.