• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Кеше

Сирия мен Ауғанстандағы ахуалға қатысты мәселелер қаралды

20 рет
көрсетілді

Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Бішкекте өткен Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының IV кездесуіне қатысты.

Жиын барысында Сирия мен Ауғанстан­дағы ахуалға байланысты мәселелердің

ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына әсері қарастырылды. Сонымен қатар тараптар соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақтардан азаматтарды қайтару және оларды әлеуметтік ортаға үйрету мәселелерін талқылады.

Ғизат Нұрдәулетов 2019–2023 жылдары «Жусан» гуманитарлық операциясын жүзеге асыру тәжірибесін мысалға келтірді. Оның нәтижесінде отандастарымыз қақтығыс аймақтарынан елге қайтарылған еді.

Бұдан бөлек, іс-шараға қатысушылар ТМҰ кеңістігіндегі киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде пікір алмасты. Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы еліміздің аталған саладағы бірқатар бастамасын ұсынды.

Кездесу қарсаңында делегациялар басшыларын Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров қабылдады.