• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 20:22

Ақтаудың прокуроры жанжалдан кейін уақытша қызметінен шеттетілді

20 рет
көрсетілді

Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Абдиров қызметтік тергеуге байланысты уақытша қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, Алматы авиациялық көлік прокуроры Ақтау қаласының прокурорына қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша істі тоқтату туралы Ақтаудың мамандандырылған сотының шешіміне апелляциялық шағым түсірген.

«Сот актісінің заңдылығы мен апелляциялық уәждер Маңғыстау облыстық сотында заңда белгіленген тәртіппен қаралады. Құқық қорғау қызметі туралы заңның 38-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, Абдиров Ерболаттың жауапкершілігіне қатысты түпкілікті шешім шыққанға дейін ол атқарып отырған қызметінен уақытша шеттетілді», — делінген прокуратураның хабарламасында.