• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Қыркүйек, 2025

Балиде су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

60 рет
көрсетілді

Индонезияның Бали аралында соңғы онжылдықтағы ең күшті су тасқынынан кейін бір апталық төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Индонезия Президенті апаттың зардаптарын шұғыл жоюды, жоғалғандарды табуды және эвакуацияланған тұрғындарға алғашқы қажеттіліктерді жеткізуді тапсырған. Сонымен қатар Табиғи апаттардың салдарын жою жөніндегі ұлттық агенттіктің мәліметінше, іздеу-құтқару мен тазалау жұмыстарына 400-600 маман жұмылдырылған.

8 қыркүйекте басталған толассыз жауын Бали мен Шығыс Нуса-Тенгара провинциясында тасқын мен опырылуларға себеп болған. Салдарынан 120-дан аса ауылды су басып, 500-ден көп адам мектептер мен мешіттерге уақытша орналастырылған.

Алдын ала деректерге сәйкес, су тасқыны салдарынан шамамен 20 адам көз жұмып, тағы 10 тұрғын хабар-ошарсыз кеткен.