Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі Қызылжарда С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада «Тіл –халық қазынасы» атты әдеби-музыкалық жиынмен басталды, деп жазады Egemen.kz.
Онда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы филиалының төрағасы Ж.Мұхамеджанов, ҰҚК Шекара қызметінің офицері Б.Қаңтаров, қазақ тілінің жанашыры, информатика мұғалімі М.Кузнецов, жергілікті ақын М.Оспанова, татар-башқұрт этно-мәдени орталығының белсендісі, ақын Ф.Файзуллина, және т.б. сөйлеп тілдің қасиеті жөніндегі ойларын ортаға салды. Осы жиын облыстық креативтік орталықтағы «TIL FEST» атты фестивальға ұласты.
Фестивальда облыстың өнерлі жастары азаматтық бірлікті нығайту жолындағы аймақтың мәдени көптүрлігінің маңызын паш етіп, көптеген этностардың ән-күйлерін орындап, билерін көрсетті.
Жиынға қатысқандарды тіл мерекесімен облыс әкімінің орынбасары Ж.Жұмағұлов құттықтап, мемлекеттік тіл саясатын жылжытуда белсенділік көрсетіп жүрген бір топ азаматтарға Құрмет грамоталарымен Алғыс хаттар тапсырды.
ПЕТРОПАВЛ