• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
ЖОЛДАУ Кеше

Қазақстанда жаңа министрлік құрылады

100 рет
көрсетілді

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Жолдауын жария етіп жатыр. Президент Жолдауында жасанды интеллектің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, оның жастардың мінез-құлқына әсер етіп жатқанына тоқталды, деп жазады Egemen.kz.

«Бұл үрдіс бүкіл әлемде қалыптасқан тәртіпті және адамдардың өмір сүру салтын біржола өзгертуде. Біз бұған дайын болып, батыл әрекет етуіміз керек. Әйтпесе артта қалудың салдары өте ауыр болады. Сондықтан мен алдымызға өте маңызды стратегиялық мақсат қойдым. Қазақстан 3 жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек», деді Президент. 

Қ.Тоқаев ЖИ негізінде экономиканы модернизациялау қажет екеніне тоқталып, алғашқы қадамды цифрлық кодекс қабылдаудан бастауға тапсырма берді. Сондай-ақ, Президент қазіргі құзырлы министрлік негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құруды ұсынды. 

«Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқару керек. Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллекті енгізу қажет. Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде дамытамыз десек, жұмысымызды жаңаша тәсілмен жүргізуіміз керек», деді Мемлекет басшысы.