• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 16:15

Кәсіпкерлерді алдап кеткен алаяқ Қырғызстаннан экстрадияцияланды

10 рет
көрсетілді

Алматы облысында алаяқтықпен айналысқан азамат Қырғызстанда ұсталып, Қазақстанға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу деректеріне қарағанда, 2019–2022 жылдары күдікті сыбайластарымен бірге өңірдегі ірі азық-түлік базарларының бірінде сауда орындарын сатамын деген желеумен азаматтарды алдап, 11 кәсіпкерден жалпы 126 миллион теңге алып кеткен.

«Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. Қазақстан мен Қырғызстанның құзыретті органдарының өзара тиімді іс-қимылының нәтижесінде биылғы тамыз айында ол Бішкек қаласында ұсталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми сұрауы негізінде ол қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін белгіленген тәртіппен еліне экстрадицияланды», делінген хабарламада.

Қазір ол тергеу изоляторында отыр. Заңға сәйкес, оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бас прокуратураның мәліметінше, азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында соттан және тергеуден бой тасалағандарды іздеу мен экстрадициялау шаралары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.