• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Кеше

АҚШ соты Гарвард университетін гранттан айыру шешімін тоқтатты

30 рет
көрсетілді

АҚШ федералды соты Дональд Трамп әкімшілігінің Гарвард университетін федералды зерттеу гранттарынан айыру туралы шешімін жарамсыз деп тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Судья Эллисон Барроуздың пікірінше, шамамен 2 миллиард доллар көлеміндегі қаржыландыруды тоқтату университеттің сөз бостандығы құқығын бұзады. Осыған байланысты үкімет ағымдағы төлемдерді кідірте алмайды және жаңа гранттардың берілуіне кедергі қоя алмайды.

Дегенмен, Ақ үй сот шешімін «өрескел» деп бағалап, судья Барроузды «белсенді» деп айыптап, апелляцияға жүгінетінін мәлімдеген.

«Гарвардтың салық төлеушілердің қаражатына конституциялық құқығы жоқ, сондай-ақ ол болашақ гранттарға кепілдік ала алмайды», деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы көмекшісі Лиз Хьюстон.

Ал Гарвард университетінің президенті Алан Гарбер өз кезегінде: «Біз бұл шешімнің ықпалын талдауды жалғастырамыз, алдағы құқықтық өзгерістерді жіті қадағалаймыз және миссиямызды орындауға бағытталған жаңа жағдайларға бейімделеміз»,  деп мәлімдеді.

Судья Барроуз Гарвардты антисемитизмге төзімділік танытқаны үшін сынағанымен, әкімшіліктің әрекеті «елдің жетекші оқу орындарына бағытталған мақсатты әрі идеологиялық шабуыл» екенін атап өтті.

Айта кетейік, тағы үш университет — Колумбия, Пенсильвания және Браун университеттері Трамп әкімшілігімен федералды қаржыландыруды жалғастыру жөнінде бөлек келісім жасаған.