• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 13:30

«Келешек мектептері»: Риддерде 600 орындық заманауи мектеп ашылды

20 рет
көрсетілді

Бүгін Риддер қаласында 600 орынға арналған жаңа №12 мектептің салтанатты ашылуы өтті. Бұл оқу орны «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынды және қаланың ең маңызды әлеуметтік нысандарының біріне айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салтанатты жиынға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапары аясында қатысты.

— Мұндай мектептердің салынуы — болашаққа салынған инвестиция. Біз үшін балалардың жайлы әрі қауіпсіз жағдайда білім алуы, ал мұғалімдердің сапалы жұмыс істеуіне барлық мүмкіндіктердің болуы өте маңызды. Бұл — қаланың және өңірдің дамуына негіз, — деп атап өтті облыс әкімі.

«AN Groups» компаниясы салған жаңа мектеп қазіргі заманғы білім беру стандарттарына толық сәйкес келеді. Мұнда кең әрі жарық сыныптар, арнайы пәндік кабинеттер, акт және спорт залдары жабдықталған, сондай-ақ цифрлық оқытуға қажетті барлық техника орнатылған.

— Бізде мұндай көлемде жабдық бұрын-соңды болмаған, бұл — шын мәнінде «болашақтың мектебі», — деп бөлісті оқу орнының шаруашылық меңгерушісі.

Ата-аналар мен мұғалімдер бұл оқиғаны ұзақ күттік дейді. Енді жүздеген бала жайлы жағдайда білім алып, мектеп тек оқу орны ғана емес, мәдени өмірдің де орталығына айналмақ.

— Мұндай керемет мектепте сабақ оқымау немесе үй тапсырмасын орындамау ұят сияқты, — дейді оқушылар.

Айта кетейік, биыл бұл мектепте алғаш рет 30-дан астам бала партаға отырды.

Риддерде жаңа білім беру мекемесінің ашылуы — білім сапасын арттыру мен өсіп келе жатқан ұрпаққа тең мүмкіндік жасау жолындағы маңызды қадам.