• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
ЖОЛДАУ Бүгін, 10:23

Жарты жылда сауда көлемі 8,6%-ға, инвестиция 37%-ға артты

30 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында сауда саласын дамыту және еліміздің экспорттық әлеуетін күшейту мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде аталды. Президент отандық тауар өндірушілердің позициясын нығайту, шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру, шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай жасау сияқты нақты міндеттер қойғаны мәлім, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін бизнесті жүргізудің ашық қағидаларын әзірлеп, ішкі сауданы дамытуда және отандық тауарлардың сыртқы нарыққа шығуына қажетті инфрақұрылым қалыптастырады.

Қабылданған шаралар кешенінің нәтижесінде сала тұрақты өсуді көрсетіп отыр: 2025 жылғы қаңтар–шілде айларында сауда көлемі 8,6%-ға, ал инвестиция көлемі І жартыжылдықта 37%-ға өсіп, 438 млрд теңгеге жетті.

«Сауда саласында 800 мыңнан астам бизнес субъектісі айналысып, 1,5 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «Айтылды-жасалды» қағидаты бойынша Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмалары белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр», деп атап өтті сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.