• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шахмат Бүгін, 08:30

Шеберлер тоғысқан турнир

20 рет
көрсетілді

«Qonaev Cup – 2025» халықаралық турниріне 16 елден 260-тан астам шахматшы жиналды. Жарыс Қарасай ауданындағы Олимпиадалық даярлау орталығында өтті.

«Qonaev Cup» турнирі 2021 жылдан бері тұрақты өткізі­ліп келеді. Турнир «Masters», «Challengers» және «Open» болып үшке бөлінді. Онда барлығы 30-дан астам жүлделі орын сарапқа салынды.

«Masters» турнирінің (Қазақ­стан кубогінің 3-кезеңі) жеңім­пазы Үндістан өкілі Адитья Мит­тал атанды. Еліміздің шахматшылары арасындағы ең үздік нәтиже 22 жастағы Рамазан Жал­махановқа тиесілі,  ол – 5 ұпай жинап, 17-орынға ие болды. Әйелдер арасындағы ең үздік нә­тиже үшін тағайындалған жүл­дені 19 жастағы Әмина Қайыр­бекова иеленді, ол 4 ұпай­мен жал­пы есепте 45-орынға тұрақ­тады.

Ал «Challengers» бойынша жүлдені Әбілмансұр Әбділқайыр, Константин Корниенко, Бақтияр Асқаров, Нұрғазы Жеенбеков, Евгений Пак, Ақылжан Мейір­ханұлы сынды шахматшылар өзара бөлісті. Сонымен қатар «Open» жүлдегерлері­нің көшбасын Азамат Нұрдинов бастаса, одан кейінгі орындарды Төрехан Молбай, Айбек Тілекқабыл, Янь Зимо, Дін­мұха­мед Мелс еншіледі.

Айта кетейік, «Qonaev Cup – 2025» халықаралық шахмат турнирі «Almaty Region Open» фестивалі аясында өтті.

 

Алматы облысы