• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Кеше

Армандар орындалады

20 рет
көрсетілді

Америкалық Джерри Парр бала кезінде «Барлаушылар кодексі» атты фильмді тамашалап, басты рөлді сомдаған Рональд Рейганның шеберлігіне тәнті болыпты. Сол сәттен бастап жасөс­пірім барлаушы болуды армандайды.

Жылдар өте келе Джерри Парр  дегені­не жетіп, мемлекеттің құпия қызметіне жұмысқа орналасады. 1981 жылы АҚШ-тың сол кездегі президенті, бұрынғы Голливуд актері Рональд Рейганға қастандық жасалған сәтте Джерри Парр президенттің жанынан табылып, оны дер кезінде ауруханаға жеткізіпті. Осылайша, ол кезінде өзі үлгі тұтқан Рональд Рейганды ажалдан арашалап қалған көрінеді.