• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Тамыз, 2025

Қызылордада қайтарылған активтер есебінен бірнеше нысан салынып жатыр

60 рет
көрсетілді

Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен  білім, денсаулық сақтау және спорт салаларында жаңа нысандар  салу Қызылорда облысында да жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметінше облыста қазіргі уақытта 6 денсаулық сақтау нысаны және 8 су құбыры салыну үстінде. Жыл соңына дейін толық аяқталып, іске қосылады деген жоспар бар.

Прокуратура қызметкерлері аталған құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысады. Қайтарылған активтердің тиімді игерілуі сала мамандарының тікелей бақылауында тұр.