• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Денсаулық Бүгін, 08:50

Жастар денсаулығына – жіті назар

30 рет
көрсетілді

Кейінгі жылдары елімізде жастар арасындағы ер­те жүктілік, аборт жасату жиі­леп, қоғамның алаң­дау­шылығын тудырып отырғаны белгілі. Осы тұрғыда Президент жанын­дағы Әйелдер істе­рі және отбасылық-демо­г­рафиялық саясат жөнін­дегі Ұлттық комис­сия жасөспірімдер мен жас­тардың репродуктивтік денсаулығын сақтауға ай­рық­ша басымдық беріп келеді.

Денсаулық сақтау министр­лігінің дерегі бойынша, бұл көрсеткіштер бірнеше облыс­та жоғары деңгейде. Осыған бай­­ланысты Ұлттық комиссия ше­шімімен жергілікті атқарушы ор­гандар, дәрігерлер, педагогтер, сарапшылар, ата-аналар және азаматтық қоғам өкілдері қаты­­сатын арнайы семинар өткізіліп келеді.

Президент жанындағы Әйел­­дер істері және отбасы­лық-демо­г­рафиялық саясат жө­нін­дегі Ұлт­тық комис­сия мү­шесі, Парламент Мәжілісінің депу­таты Жұлдыз Сүлейменова Маң­­ғыстау облы­сында «Жастар мен жасөспі­рім­дердің репро­дук­­тивтік денсау­лығын сақ­тау­дың тиімді жолдары» тақы­рыбында семинар өткіз­ді. Семи­нарға Маңғыстау об­лыс­­тық білім, денсаулық сақ­тау, жас­тар саясаты, дін істері, ақпа­­рат және қоғамдық даму басқар­ма­ларының өкілдері, қала, аудан әкім­дерінің әлеуметтік сала­ға жауапты орынбасарлары, құқық қорғау органдарының кәме­летке толмағандар істері, олар­­дың құқықтарын қорғау және тұр­мыстық зорлық-зомбы­лыққа қарсы күрес бөлімдері қызметкерлері мен педагог-психологтер, мектеп медбикелері, колледж, мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар комитеті мен БАҚ өкілдері, Аналар кеңес­те­рінің мүшелелері қатысты.

Мәжіліс депутаты Ж.Сүлей­менова «Ана мен баланы қорғау, ұлт саулығын сақтау – еліміздің табысты болашағының іргетасы. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуда иннова­циялық тәсілдерді енгізу – мем­ле­кеттік саясаттың басты қағи­даттарының бірі. Нәресте, бала және ана өлімін азайту, ерте жүктіліктің алдын алу – денсау­лық сақтау жүйесінің тиімді­лігінің негізгі көрсеткіші болуға тиіс», деді.

Бұрын емханалар жанында жұмыс істеген жасөспірімдерге арналған бөлімшелер денсаулық сақтау реформасынан кейін жа­бы­­лып қалған. Қазір бұл қыз­мет­­ті қайта ашу мәселесі күн тәртібінде тұр. Сондай-ақ мін­детті әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы жұмыс істейтін 4 Жастар денсаулығы орталығы толық пайдаланылмай келеді.

2024 жылы БҰҰ Халық қоры (ЮНФПА) жүргізген сауалнамада ел жастарының көпшілігі жыныстық денсаулық туралы ақ­паратты интернет пен әлеу­мет­тік желіден алатыны анық­тал­ды. Мәселені шешуде тек дәстүрлі сабақтармен шек­тел­мей, цифрлық технология­лар мүм­кіндіктерін пайдалану өзек­ті. Ата-аналармен жұмысты кү­шей­ту және мектептегі тәр­бие сағат­тарының мазмұнын жетіл­діруге көңіл бөлу қажет, сондай-ақ отба­­­сын қолдау орталықтарының жұ­мы­­сын кеңейту шарт.

Семинарда әр қатысушы пікір білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Бір жыл бұрын ашылған отбасын қолдау орталықтарының мақсаты, жұ­мыс жүйесі және тә­жірибесі егжей-тегжейлі түсін­дірілді. Басты мақсат – жастардың дені сау, саналы, білімді, өмірлік дұрыс таңдау жасай алатын ұрпақ болып қалыптасуы.       

Маңғыстау облысы