Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мемлекетаралық түйісу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Н.Сауранбаев Ресей мен Өзбекстан бағыттарында өткізу қабілетін арттыру мәселесі толығымен шешілгенін атап өтті. Мысалы, Сарыағаш түйіспесінде бұл көрсеткіш 24 пойыздан 35 пойызға дейін жеткізілген.
Шілдеден бастап Қытай бағыты бойынша «Достық – Мойынты» желісінде қосымша пойыздар қатынауы бастаған.
«Осылайша, теміржол түйісу пункттерінің мәселесі шешімін тапты. Қазақстан Темір Жолы еліміздегі бизнес өкілдерінің экспорт пен импортқа деген сұранысын толығымен қанағаттандыруға міндетті. Болашақта мемлекетаралық түйісу пункттерінің өткізу қабілетін 296 млн тоннаға жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз», деп атап өтті Көлік министрі.