• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 09:10

Сауда-экономикалық байланыс арта түседі

20 рет
көрсетілді

Астанада Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Тәжікстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Хоким Холикзода­ның тең төрағалығымен экономика­лық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Тәжікстан Үкіметаралық комиссиясының 19-отырысы өтті.

Пленарлық отырыста сөз сөйлеген Роман Скляр Үкімет­аралық комиссия Қазақстан мен Тәжікстанның өзара іс-қимылының маңызды құралына айналғанын, оның күн тәртібінде екіжақты қатынастарды одан әрі тереңдетудің, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың, сондай-ақ инвестициялық әлеует пен өңіраралық байланыстарды кеңейтудің маңызды мәселелері бар екеніне тоқталды.

Өз кезегінде Хоким Холикзода бұндай маңызды жиын сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда қарқынды дамып келе жатқан, екіжақты қатынастардың дамуына жаңа серпін беретінін айтты. Сонымен қатар отырыста сауда, өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ көлік пен логистика саласындағы өзара іс-қимылды дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды.

Роман Скляр комиссия­ның жұмысы, ең алдымен, алдағы жоғары деңгейде өтетін кездесулерді мұқият дайындауға бағытталуға тиіс екеніне айрықша көңіл бөлді. Тараптар қабылданған шешімдер өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша екіжақты қаты­нас­тарды одан әрі нығайтуға және терең­дету­ге ықпал ететініне сенім білдірді. Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.

Экономикалық ынтымақ­тастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның кезекті 20-отырысы келер жылы Тәжікстанда өтеді.