• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Таным Бүгін, 08:05

Қаяу көңіл

20 рет
көрсетілді

Жүрек көзі ашылған адамдар өмірден қай уақытта кететінін де алдымен аңғарады. Балаларының қазасымен өрілген толассыз трагедия хакім жүрегін әбден талдырды. Деректерге сүйенсек, Абай да өмірінің соңғы сағаттары соғып жатқанын келініне жеткізген екен.

Бұл туралы Мұхтар Әуезов жазады: «Өз қолында соңғы жылдарда болып, Абайды өзі күткен Кәмәлия (Кәмәш) деген келініне Абай қайтыс боларынан бұрын: «Мен биыл өледі екем» деп ішкі түйсігін тұспалдаған екен». Абайтанушы Асан Омаров хакім бұл сөзді Мағауия қазасынан бұрын айтқанын жеткізеді. Осылайша, «Қайғысыздың бәрі асау» деген ақынның қаяу көңілі тылсым ажалды сезген болса керек.