Бүгін Мемлекет басшысы еліміздің мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және билік институттарының өкілеттіктерін нақтылауға бағытталған конституциялық заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жаңа заңдар қатарында «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» заң жобасы бар. Заңға сәйкес, астана Президенттің резиденциясы «Ақорда», Құрылтай, Үкімет пен Жоғарғы Сот және Қазақстан Республикасының өзге де орталық мемлекеттік органдардың орналасқан орны ретінде айқындалған.
Астананың міндетті дизайн-коды енгізіледіЗаңға сәйкес, Астана аумағындағы барлық сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі бас жоспарға, қала құрылысы құжаттамасына және мемлекеттік ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Құжаттағы негізгі нормалардың бірі астананың міндетті дизайн-кодын енгізу болып отыр. Оның талаптары ғимараттарға, жол инфрақұрылымына, жарнамаға және қаланың сыртқы дизайнының элементтеріне қолданылатын болады. Астана қалалық сәулет және қала құрылысы кеңесі осы тәсілдерді іске асыруда маңызды институционалдық рөл атқарады. Бұл қаладағы бейберекеттіліктің алдын алып, үйлесімді әрі жинақы болуына жағдай жасайды.
Астана ерекше мәртебеге ие болады: Парламент заң жобасын мақұлдады
Көлік инфрақұрылымын басқарудың жаңа орталығы іске қосыладыСонымен қатар, заңда астананың әлеуметтік-экономикалық дамуына, туризмді дамытуға, сондай-ақ астананы халықаралық іс-шаралар мен көрмелерге дайындауға көмек көрсететін ұйым секілді бағынысты ұйымдардың міндеттерінің шеңбері анықталған.
Құжатта жолдар мен көлікке қозғалысына ерекше көңіл бөлінген. Астанада бағдаршамнан бастап тұраққа, көліктерді эвакуация жасау және көлік ағынын талдауға дейін көлік қозғалысын басқару үшін мамандандырылған орталық құрылып жатыр. Бұл тұрғындар үшін жол қозғалысын тиімдірек ете түседі. Сонымен қатар заңда Астананың инфрақұрылымы мүгедектігі бар жандар, қарттар мен балаларға бірдей қолжетімді болу керектігі айтылған.
Жасыл белдеуді қорғау шаралары күшейтіледіЗаң астананың орман саябақ аймағы үшін ерекше режим белгілейді. Онда табиғатқа зиян келтіруі мүмкін кез келген әрекетке – ластанудан бастап жануарларға жою әрекетіне дейін тыйым салынады. Бұл жасыл аймақтарды ұзақ мерзімді қорғауды қамтамасыз етеді және қаланың экологиялық тепе-теңдігін нығайтады. Қаланы абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша жеке жүйе де бекітілген. Соған сәйкес, көшелер мен жолдардың тазалығына жауапты мамандандырылған ұйымдар құрылмақ.
Жаңа жұмыс орындары ашыладыЖаңа заң қаланың экономикалық дамуымен тікелей байланысты. Бұл бағытта нвестицияларды тарту, туризмді дамыту және астананы бренд ретінде насихаттау үшін бөлек құрылым жасақталады. Демек, тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындары ашылып, іскерлік белсенділік арта түседі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.