• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 19:22

Қытайлық қандас Парижде «Қыз Жібек» атауымен иіссу шығарды

50 рет
көрсетілді

Отандасымыз Нұржан Төлеген Франция астанасы Парижде люкс санаттағы парфюм жасап, сатылымға шығарды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.

- Бүгін Францияда тұратын этникалық қазақ Нұржан Төлегенмен кездестім. Қытайдың Іле өңірінде туып-өскен Нұржан бүгінде Парижде тұрады. Қазақ руханиятына ықыласы ерекше азамат жақында жаңа бір жобаны қолға алып, «Қыз Жібек» атты иіссу шығарған. «Kiz Jibek» деп аталатын бұл люкс санаттағы парфюм Франция астанасының нарығына Tolegen Paris брендімен шықты, - деп жазды Аида Балаева Facebook парақшасында.

Министрдің мәлімдеуінше, иіссу құтысы қазақы оюмен өрнектеліп, лирикалық жырмен көркемделген.

- Нұржан Төлеген бұл әтір 17 ғасырдағы қазақ даласының «Қыз Жібек» лирикалық жырын қайта жаңғыртатынын ерекше атап өтті. Оның осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанға жасаған сапары өмірін түбегейлі өзгерткен екен. Соның әсерінен пайда болған бұл бренд – Шығыс пен Батысты байланыстыратын жаңа көпір іспетті. Осындай креативті, бастамашыл әрі отаншыл жастарды қолдауға шақырамын. Бұл бәріміздің ортақ міндет,- дейді ведомство басшысы. 

Сондай-ақ министр отандасымыздың ісіне табыс тіледі.