АҚШ президенті Джимми Картер бірде Жапонияға ресми сапармен барыпты. Мінбеге шығып, сөзінің кіріспесін жеңіл әзілмен бастай бергені сол еді, аудитория түгелдей ду күліп жібереді.
Картер өзінің қалжыңының мұншалықты әсерлі болғанына таңғалып, аудармашысынан әзілді қалай соншалықты жақсы жеткізгенін сұрайды. Сол кезде аудармашы жігіт жылы жымиып қойып, «Мен сіздің қалжыңыңызды аударған жоқпын. Тек «Президент жаңа әзіл айтты. Барлығыңыз күліңіздер» дедім» деген екен. Осылайша, бұл оқиға халықаралық қатынастағы ең қызықты сәттердің бірі ретінде есте қалды.