Солтүстік Қазақстан облысында екі жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтық полиция департаментінің мәліметінше, 32 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған.
«7 наурыз күні Астана – Петропавл автожолында, Астраханка мен Чапаево ауылдарының арасында, MAN маркалы екі жүк көлігі соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан жүк көліктерінің бірінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды», делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Полиция департаменті жүргізушілерге жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, ауа райы жағдайын ескеру және көліктің техникалық жарамдылығын бақылау қажет екенін ескертті.
Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапқан еді.