Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) төрешілер комитетінің хабарлауынша жас төрешілерге арналған жаңа жоба басталды. Үміткерлер – Сенегалдың Дакар қаласында жасөспірімдер арасында 2026 жылы өтетін Олимпиада ойындарына төреші ретінде қатысуға іріктеледі, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше іріктеу екі кезеңнен тұрады:
I кезең (2025 жылғы тамыз-желтоқсан): ITTF сарапшыларының жетекшілігімен онлайн тәлімгерлік, қажетті білім-дағдыларды меңгеру.
II кезең (2026 жылғы қаңтар-тамыз): онлайн семинарлар, жобаларды бағалау және нақты жағдайдағы тәжірибелер.
2026 жылғы қазан айында Дакар қаласында қорытынды оқыту өткізілмек.
Қазақстан үстел теннисі федерациясы ITTF талаптарына сәйкесетін екі үміткерді ұсынған, олар – халықаралық санаттағы төреші Дильназ Жалалдин (Алматы) және арбитр Артём Орел (Қарағанды).