Мысырдың Исмаилия қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 5 медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Ел қоржынына спортшылар 2 күміс, 2 қола және 1 алтын жүлде салды. Барлық медаль 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тіркеліп отыр.
Азияның алды болды
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жұлқа көтеру сайысында Әлихан Әскербай 161 келіні еңсеріп, күміс жүлдеге ие болды. Ал серпе көтеруде Ерасыл Сәулебеков 199 келіні бағындырып, әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Осы жаттығуда Әлихан Әскербай 194 келі көтеріп, қола жүлдені қанағат тұтты.
Қоссайыс нәтижесінде Ерасыл Сәулебеков 356 келімен күміс жүлдегер атанса, Әлихан Әскербай 355 келімен үздік үштікті түйіндеді.
Сондай-ақ 65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бейбарыс Ерсейіт жұлқа көтеруде 131 келіні бағындырып, жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты.
Алмас жарқылдайтын кезең