• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат 31 Шілде, 2025

Әуе кемелері паркі жаңартылады

20 рет
көрсетілді

29 шілде күні Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Airbus»-тың Еуропа аймағындағы президенті Жоан Пелисьемен кездесу өткізді.

Еуропалық «Airbus» компаниясы – әлемдегі ең ірі авиакомпаниялардың бірі. Талқылау барысында Роман Скляр Үкіметтің авиация саласын дамыту, оның ішінде әуе кемелері паркін жаңарту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып өтті.

Еліміздің аумағында азаматтық және мемлекеттік авиация ұшақтарын жөндеу мен қызмет көрсету орталығын ашу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Кездесу кезінде бірінші вице-премьер еуропалық компания өкілдеріне ынтымақтастықты одан әрі дамытудағы ниеті үшін, сондай-ақ авиация саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары үшін алғыс білдірді.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға еуропалық компанияның бастамаларын пысықтау бойынша бірқатар тапсырма берілді.