• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Шілде, 2025

Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 27 шетелдік елден шығарылды

40 рет
көрсетілді

Атырауда әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі сотының қаулысын орындаудан жалтарған шетелдіктер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті полицейлер шетел азаматтарының көші-қон жөніндегі заңды сақтауын бақылау, заңсыз көші-қон арналарын әшкерелеу мақсатында іздестіру іс-шарасын ұйымдастырды.

«Полиция қызметкерлері іс-шара кезінде 150-ден астам шетел азаматын тексерді. Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасына келіп-кету заңнамасын бұзғаны үшін 83 шетелдікке Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 және 518-бабымен хаттама толтырылды. Сондай-ақ, 27 шетел азаматының тұрғылықты мекенжайы анықталды. Сот шешімімен олар ел аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.