• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экспорт 24 Шілде, 2025

Ресей қазақстандық мұнай экспортына уақытша шектеу қойды

40 рет
көрсетілді

Қара теңіз арқылы қазақстандық мұнай тасымалы уақытша тоқтатылды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы Новороссийск портына жеткізіліп жүрген шикізат экспортын Ресей жағы уақытша тоқтатты, деп жазады Egemen.kz.

Бұл шешім Ресей президенті Владимир Путиннің жаңа жарлығынан кейін қабылданды. Құжатта Еуроодақтың 18-санкциялық пакетіне жауап ретінде шетелдік танкерлердің Ресей порттарына кіруі Федералдық қауіпсіздік қызметімен  келісуге тиіс екені көрсетілген.

Мұндай шектеу КҚК бағытындағы мұнай қозғалысын іс жүзінде тоқтатып отыр. Айта кетейік, бұл маршрут еліміз экспорттайтын мұнайдың 80 пайыздан астамы, яғни әлемдік нарықтағы шамамен 2 пайыз көлеміндегі мұнай айналымына жауап береді.

Ресей тарапының бұл шешімі қазақстандық мұнайдың сыртқы нарыққа тұрақты жеткізілуіне қауіп төндіріп отыр.