Облыс орталығымен іргелес жатқан Жамбыл ауданында осы жылы жалпы ұзындығы 15,2 шақырым жол жөнделеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының айтуынша, ауданның 13 ауылдық округіндегі 31 елді мекенде жалпы ұзындығы 301,6 шақырымды құрайтын 375 көше мен бұрылыс бар.
«Осы жылы ауылішілік жолдарды жөндеу бойынша ауданда 15 жоба іске асырылмақ. Бұл жобалар арқылы 14 көше мен 5 бұрылыс, яғни 15,2 шақырым жол жөндеуден өтеді. Оның 6 жобасы аудандық бюджет есебінен жүзеге асса, 9 жоба «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында қолға алынған», дейді Е. Қыдыралыұлы.
Биыл Жамбыл облысында жалпы автомобиль жолдарын дамытуға 28,6 млрд. теңге бөлініп, құрылыс, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстарымен 470,3 шақырым жол қамтылады. Қазіргі кезде 45 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жамбыл облысы