• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 16:20

Қазақстанда креативті экономика субъектерінің саны 17% өсті

10 рет
көрсетілді

Мәдениет және ақпарат министрлігі жартыжылдық қорытындыларын жариялауды жалғастырады. Осы орайда креативті индустрияның дамуына қатысты басты жетістіктерді назарларыңызға ұсынамыз.

Қабылданған заңнамалық нормалар, салықтық жеңілдіктер және инфрақұрылым құру нәтижесінде елдің әлемдік рейтінгтегі орнын жақсартты.

Атап айтқанда, Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Әлемдік зияткерлік меншік ұйымы рейтингінде (WIPO) «креативті өнімдер мен қызметтер» көрсеткіші бойынша 93 орыннан 65 орынға, ал кинематография саласында 60 орыннан 31 орынға көтерілді.

Бүгінде елде 16 креативті орталық жұмыс істеп, акселераторлар, халықаралық тағылымдамалар мен білім беру бағдарламалары іске қосылған. Бұл бастамалар керативті азаматтар мен жобаларды қолдауға бағытталған.

2025 жылдың екінші жартысында Корпоративтік креативті индустрияны қолдау қоры өз жұмысын бастайды. Қор төрт негізгі бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Атап айтсақ, таланттарды анықтау және акселерациялау, жобаларға инвесторлар тарту және инфрақұрылымды дамыту, сондай‑ақ қазақстандық креативті өнімдерді халықаралық нарыққа шығару.

2024 жылдан бастап 40 креативті экономикалық қызмет түріне қатысты 2–4 % бөлшек сату салығын енгізген арнайы салық режимі іске қосылды. Бұл шара креативті индустрия субъекттерінің санын жыл сайын шамамен 17 % , яғни 46 667 кәсіпорынға көбейтті.

Мемлекеттің 2029 жылға қойған жоспары бойынша креативті индустриялардың ЖІӨ-ге қосқан үлесін 2% -ға дейін арттыру (бүгінде 1%), креативті өнімдер мен қызметтер экспортынының көлемін 115 млн АҚШ долларына, ал осы салада қызмет ететін мамандар санын 180 мыңға дейін жеткізу көзделген.

Бұл шаралар креативті индустрияның Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызын көрсетіп, елдің әлемдік нарықта жоғары орындардан көрінуіне сеп болады.