Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) директорлар үйлестіру комитетінің құрамына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау туралы күні кеше Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер мырза ресми құттықтау хатын жолдады.
Аталған комитет – дзюдоның әлемдік деңгейде дамуын қамтамасыз ететін стратегиялық орган. Министрдің халықаралық спорт қауымдастығындағы бұл қызметі Қазақстанның беделін арттыратыны сөзсіз.