• RUB:
    6.66
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.91
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» Бүгін, 08:25

Екі гектар аумақ тазартылды

30 рет
көрсетілді

«Таза Қазақстан» жобасы, «Таза бейсенбі» эко­акциясы аясында «Amanat» партиясының мүше­лері Қарасай ауданындағы Шамалған өзенінің маңындағы аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Экологиялық іс-шараға барлық дең­гейдегі мәслихат депутаттары, бастауыш пар­тия ұйымдарының мүшелері, ауыл тұрғындары қатысты.

Акцияға қатысқан 30-ға жуық адам белсенділік танытып, туған өлкенің тазалығын сақтауға өз үле­сін қосты. Аумағы 2 гектар жерден жиналған 1,5 тонна қоқыс арнайы полигонға жіберілді.

 «Жазғы уақытта азаматтардың көп демалатын жері – өзен-көлдің жағасы, сол тұрғыда Шамалған жағасын таза ұстау – негізгі мақсатымыз. Тазалау барысында бұрыннан қордаланған тұрмыстық қалдықтар, полиэтилен пакет, пластик бөтелкелер сияқты күл-қоқыстар шығарылып, полигонға жөнелтілді. «Таза бейсенбі» экоакциясы елді мекендерде де жүйелі жолға қойылған. Алдағы уақытта да бұл экологиялық акция жалғасын табатын болады. Әрбір азамат туған жеріне деген құрметін, парызын қоршаған ортаны сақтау, қорғау, күтіп ұстау арқылы көрсете білу керек», деді «Amanat» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы Қаныбек Айтжанов.

Аудандық мәслихат депутаты Бекжан Сүнбековтің айтуынша, экологиялық мәселелерді шешу – «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған маңызды басымдықтың бірі.

«Партия мүшелері табиғатты аялау ісін әрі қарай жалғастыру­ға ниетті. Өңірлік сайлауалды бағ­дар­ламасы аясында 2027 жылға дейін барлық аудан орталығында, Қонаев қаласында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою міндеті тұр. Онымен қоса, өңірде төрт полигон, кешенді қоқыс тиеу мен сұрып­тау алаңы салынбақ. Сондай-ақ бар­­лық ауылда қоқысты бөлек сұрып­тау­­­ға, құрамында сынап бар қалдық­тар­ды жинауға арналған кемінде ­1 мың контейнер орнатылады», дейді ­депутат.

 

Алматы облысы