• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 09:40

Ер адам пойыз жолаушыларына балғамен шабуыл жасаған

30 рет
көрсетілді

3 шілде күні Германияның Бавария аймағында балғамен қаруланған ер адам пойыз жолаушыларына шабуыл жасаған. Салдарынан төрт адам жеңіл жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz DW агенттігіне сілтеме жасап.

Бавария ішкі істер министрі Йоахим Херрманның айтуынша, күдікті 20 жастағы Сирия азаматы. Ол Австрияда босқын мәртебесімен тұрған. Оның қолында балға мен балта болған, бірақ жолаушыларға тек балғамен шабуыл жасаған. Оқиға кезінде пойызда шамамен 500 адам болған.

Оқиға Штраубинг қаласына жақын маңда, Штраскирхен елдімекенінің тұсында орын алған. Жәбірленушілердің үшеуі де Сирия азаматтары екені анықталған. Министр Херрманның айтуынша, күдікті шабуылға дейін олармен сөйлескен және олардың да сириялық екенін білген болуы мүмкін. Төртінші жәбірленушінің азаматтығы әлі нақтыланбаған.

Күдіктінің өзі ауыр жарақат алып, полицияға тапсырылғаннан кейін тікұшақпен Регенсбург қаласындағы ауруханаға жеткізілген.

Bild басылымының хабарлауынша, шабуылдаушыны пойыз жолаушыларының бірі қаруын тартып алып, соққы жасап тоқтатқан.

Бавария полициясы аталған оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұған дейін ол Бавария полициясының деректер базасында тіркелмеген.