• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.29
  • EUR:
    613.28
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 16:00

Мемлекет басшысы Руанда Президентін тәуелсіздік күнімен құттықтады

20 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамены Руанда Республикасының тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біз еліңізді Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестеріміздің бірі ретінде қарастырамыз. Бұл тұста, Қазақстан мен Руанда арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қатынастардың тұғыры берік, әлеуеті зор екенін ерекше қанағатпен атап өтемін», деп жазылған жеделхатта.