• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 09:27

Ойыншылары жаңарған «Атырау» командасы «Оқжетпеспен» тең ойнады

70 рет
көрсетілді

Бүгін «Атырау» футболы клубы Премьер-лигадағы 14-турды тең ойынмен бастады, деп жазады Egemen.kz.

Мұнайлы өңір командасының бас бапкері Виталий Жуковский бірнеше ойыншыны шақырған еді. Оның алғашқы нәтижесі «Оқжетпес» клубымен кездесуден байқалды.

Бас бапкердің пікірінше, бір аптада команданы жаңадан жасақталған. Алдағы уақытта клубқа тағы бір жаңа ойыншы қосылуы мүмкін.

«Командалар арасында тең ойын болды. Доп үшін күресті, қарсыластың қақпасына шабуылды үдете алмадық», деді Виталий Жуковский.

«Атырау» клубының қақпасына қайта оралған Егор Хаткевич қорғады. Қақпашы бұрын бұл команданың сапында 30-дан астам матч өткізді. Оның ішінде 21 ойында қақпасына доп жібермеген. Бүгінгі кездесуде де қарсыластың қақпадан саңылау табуына мүмкіндік бермеді.

Ал команда құрамында алаңда бас бапкермен бірге келген легионерлер шықты. Олар – беларусьтік футболшылар Василий Совпель, Руслан Юденков, Игорь Стасевич, черногориялық легионер Горан Милойко.

Сондай-ақ, ресейлік 19 жастағы шабуылшы Константин Дорофеев те «Атыраудың» негізгі құрамда алаңға шықты.