• RUB:
    6.69
  • USD:
    523.46
  • EUR:
    600.04
Басты сайтқа өту
Ұлттық спорт Бүгін, 11:49

Қазақстандық спортшылар жағажай волейболынан Азия чемпионы атанды

40 рет
көрсетілді

Таиландтың Ройет қаласында өткен жағажай волейболынан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қазақстан құрамасының өкілдері Клим Рюхов пен Владислав Мастихин ел қоржынына алтын медаль салды. Отандастарымыз финалда Қытайдың бірінші құрамасын 2:0 есебімен (21:19, 21:16) жеңді.

Айта кетейік, бұл – Қазақстан волейболы тарихындағы жастар арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы алтын. Бұған дейін біздің командалар тек екінші және үшінші орындармен шектеліп келген.