• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.55
  • EUR:
    596.03
Басты сайтқа өту
Жұмыс Бүгін, 12:16

Ақтөбеде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

30 рет
көрсетілді

Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған жәрмеңкеге өңірдегі 30-дан астам  кәсіпорын, кәсіпкерлік нысандары, түрлі саладағы мекеме өкілдері қатысып, 150-ден астам жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңке өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы сауда  және қызмет көрсету саласы бойынша салалық кеңестің  бастамасымен өткізілді,  деп хабарлайды  Egemen.kz.  

Жұмыс берушілер қатарында көлік-логистика компаниялары, балаларды дамыту және білім беру орталықтары,  спорттық секциялар, тігін шеберханасы, медициналық мекемелер, құрылыс материалдары мен металл құрастырмаларын өндірушілер, азық-түлік дүкендері, фитнес орталықтары бар. Жәрмеңке барысында  электрик,  ауыр жүк көліктерінің жүргізушісі, жүк тиегіштер мен бульдозер операторлары, аспаз, механизаторлар ең көп сұранысқа ие мамандықтар екендігі белгілі болды.  Мәселен   «СЛ-Логистика» компаниясына  «Е», «Д» санатындағы жүргізушілер 15 күндік вахталық жұмысқа  700 мың теңге жалақы алады.     Сондай-ақ «ҚазТермоГрупп» компаниясы да электрик-слесарь мамандарына жоғары жалақы ұсынып тұр.

«Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Жұмысшы мамандықтары жылы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін алғаш рет өткізіп отыр. Кешеден бері бізге көптеген жұмыс берушілер хабарласты. Бұл жерде жұмыс берушілер тікелей жүздесу арқылы іздеген мамандарды таба алса, жұмыс іздеушілер HR-менеджерлермен танысып, түйіндемесін қалдырады. Жәрмеңке жұмыссыздықты азайту,  белсенді еңбек нарығын қалыптастырудағы  маңызды қадам», дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасы салалық даму бөлімінің басшысы Динара Смағулова.

Ақтөбе облысы