• RUB:
    6.63
  • USD:
    518.81
  • EUR:
    596.27
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 09:07

Сингапур елшісімен кездесті

30 рет
көрсетілді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Сингапурдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Зулкифли Бахарудинмен кездесті.

Кездесу барысында Мәулен Әшімбаев дипломатты Сингапур­дың алдағы Тәуелсіздік күні­мен құттықтап, аталған елде қолға алын­ған өзгерістерге жоғары баға берді. Сондай-ақ ол Қазақстан мен Сингапур арасындағы байланысты нығайту ісінде екі ел басшыларының достық қарым-қатынасы үлкен рөл атқарып отырға­нын, соның нәтижесінде бүгінде көпте­ген салада маңызды келісімдерге қол жеткізілгенін атап өтті.

Сұхбат кезінде екіжақты қарым-қатынасты, оның ішінде парла­ментаралық ынтымақтастықты нығайту барысы да сөз болды.

«Кейінгі жылдары екі елдің ынты­мақтастығы қарқынды дамып келеді. Сингапур Президенті Халима Якоб 2023 жылдың мамыр айында Орталық Азияға жасаған алғашқы сапарын Қазақстаннан бас­тады. Былтыр Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур­ға 20 жылда алғаш рет мемлекет­тік сапармен барды. Бұл сапарлар серіктестігімізді нығайтуға өзара мүдделі екенімізді және бұл бағыттағы зор әлеуетімізді көрсетеді. Біз сіздің елдеріңіздің заңнамалық бағыттағы тәжірибелеріне ерекше қызығушылық танытып отырмыз. Қазақстан Парламентінің екі палатасында да Сингапурмен достық топтары жұмыс істейді. Мұны депутаттар арасындағы ынтымақтастықтың маңызды тетігі деп қабылдаймыз. Алдағы уақытта олардың әлеуетін белсенді пайдалану айрықша мәнге ие», деді М.Әшімбаев.

Кездесуде рухани дипломатияны ілгерілету жолында күш бірік­тірудің маңызына да мән берілді. Сұхбат­тасушылар Қазақстанның бастамасымен ұйымдастырылып келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі мен Сингапур өткізетін Халық­аралық ұйымшыл қоғамдар конферен­ция­сының мақсат­тары және көтере­тін мәселелері ұқсас екеніне назар аударды. Екі іргелі форум да мульти­куль­турализм, инклюзивтілік және қоғамның бірлігі сияқты құнды­лықтарды дәріптейді.

Сонымен қатар тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, инфрақұрылымдық ынтымақтастық мәселелері жөнінде пікір алмасты және энергетика, логистика, цифрландыру сияқты іргелі бағыттарға қатысты бірлескен міндеттерді белгіледі. Іс-шарада айтылғандай, қазіргі таңда елімізде 150-ге жуық бірлескен Қазақстан-Сингапур кәсіпорны табыс­ты жұмыс істеп келеді.

Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев дип­ло­матқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың маңызы жайында айтып берді. Бұл ретте палата спикері экономиканы әртараптандыруға арналған жоба­ларға кеңінен тоқталды.

Өз кезегінде Зулкифли Бахарудин Қазақстанның жаһандық сын-қатер­лерді еңсеру, әлеуметтік-эконо­микалық және саяси реформаларды іске асыру жолында жасаған батыл қадамдарына жоғары баға берді.