• RUB:
    6.52
  • USD:
    512.44
  • EUR:
    593.15
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 09:12

Инфрақұрылымдық жобалар пысықталды

30 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытай экспорт-импорт банкі басқармасының төрағасы Чэнь Хуайюймен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға байланысты бірқатар мәселені, сондай-ақ Қазақстан аумағында бірлескен инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыруға бағытталған шешімдерді әзірлеу жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады.

Қытай экспорт-импорт банкінің көлік-логистикалық және өзге де инфрақұрылым­ды дамытуға бағытталған негізгі инвестициялық бастамаларды қаржыландыруға одан әрі қатысу келешегіне ерекше назар аударылды.

Чэнь Хуайюй Қытай тарапының өзара мүдделерге жауап беретін және Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін жобаларға қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

Кездесу қорытындысы бо­йынша Роман Скляр аталған жобаларды жүзеге асыру Қазақстан – Қытай ынтымақтастығын кеңей­ту­де маңызды фактор болатыны­на және екі ел арасындағы стра­тегиялық әріптестікке жаңа серпін беретініне сенім білдірді.