• RUB:
    6.41
  • USD:
    511.77
  • EUR:
    593.19
Басты сайтқа өту
Мәдениет Кеше

Астанада Құрманғазы оркестрінің мерейтойлық концерті өтті

30 рет
көрсетілді

11 маусым күні астаналықтар Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің концертін тамашалады, деп жазады Egemen.kz.

Ұжымның 90 жылдық мерейтойына орайластырылған концерт Ақмола облысынан басталып, елордада жалғасын тапқан гастрольдік сапарының бір бөлігі болды. Екі бөлімнен тұратын концерттің алғашқы бөлімінде дәстүрлі күйші-композиторлардың туындылары ұсынылды. Атап айтсақ, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Нұрғиса Тілендиев, Қаршыға Ахмедияров және тағы да басқа композиторлардың шығармалары орындалды. Бұл бөлімде ұлттық музыка мәдениетінің тереңдігі мен байлығы, тарихи маңызы көрсетілді. Заманауи бағыттағы шығармалар мен әлемдік классиканы қамтыған екінші бөлімде Yanni, Sting, Toni Braxton, Ray Charles, Whitney Houston сынды өнер жұлдыздарының шығармалары сахна төрінде қалықтады.Қазақ оркестріне лайықталған бұл туындылар ұлттық дәстүр мен қазіргі заманның үйлесімді үндестігін көрсетті. Кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық байқаулардың лауреаттары және Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатының виолончелистер ансамблі өнер көрсетті. Айта кетейік, ұжымның келесі гастрольдік сапары Шымкент қаласында жалғасады. Ұжым Республикалық «Оркестрлер шеруі» фестиваліне қатысып, шымкенттік көрерменге «Оркестр түні» атты авторлық жобасын ұсынады.