5 маусым – Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күніне орай Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Өскемен қаласының ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары арасында қолайсыз метеожағдайлар (НМУ) мен экологиялық төтенше жағдайлар кезінде өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған құжатқа келесі кәсіпорындар қол қойды: «Казцинк» ЖШС, «ТМК» АҚ, «УМЗ» АҚ, «Востокмашзавод», Өскемен май зауыты, сондай-ақ барлық жылу энергетика нысандары – Өскемен ЖЭО, Согра ЖЭО, «Шығыс жылу» АҚ.
Меморандум аясында тараптар шығарындыларды азайту, мониторинг жүргізу, ақпарат алмасу және алдын алу шараларын іске асыру бойынша бірлесіп жұмыс істеуге міндеттелді.
Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ,ЕҰУ студенті