• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Банк Кеше

Ұлттық банк мөлшерлемені 16,5% деңгейінде сақтап қалды

60 рет
көрсетілді

Қазақстан Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдады. Дәліз – +/-1 пайыздық тармақ. Бұл шешім инфляцияның өсу тәуекелдері мен жаңартылған макроэкономикалық болжамдарға сүйене отырып қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің хабарлауынша, 2025 жылғы мамырда жылдық инфляция 11,3%-ды құраған. Бұл бағаның өсуіне реттелетін тарифтер, азық-түлік бағасының қымбаттауы, тұтынушылық сұраныс пен өндірістік шығындардың артуы себеп болған.

«2025 жылғы мамырда жылдық инфляция 11,3%-ды құрады. Бағаның өсуіне реттелетін тарифтер мен қызметтер құнының қымбаттауы, азық-түлік инфляциясының жеделдеуі, сондай-ақ тұтынушылық сұраныс пен өндіріс шығындарының артуы әсер еткен. Халықтың инфляциялық күтулері де 14,1%-ға дейін көтерілді», делінген мәліметте.

Ұлттық банк 2025 жылы инфляцияны 10,5-12,5% аралығында, 2026 жылы 9,5-11,5% деңгейінде және 2027 жылға қарай инфляцияны 5,5-7,5%-ға дейін төмендету көзделіп отыр.

«Экономикалық өсім 2025 жылы 5-6%, 2026 жылы 4-5% деңгейінде болжануда. Өсуге ішкі сұраныс, инвестициялық белсенділік және құрылымдық реформалар ықпал етеді», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар