• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Саясат 04 Маусым, 2025

Мәңгілік достық аллеясының ашылуы айтулы оқиға болды - Мария Захарова

120 рет
көрсетілді

Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Telegram арнасында Астанада Қазақстан мен Ресейдің Мәңгілік достық аллеясының ашылуына қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Ол өз жазбасында 28 мамырда Қазақстан астанасы — Астанада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Мәңгілік достық аллеясының салтанатты ашылу рәсімі өткенін мәлімдеген.

«Іс-шара Ресейдің Мәдениет министрі Ольга Любимова мен Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен ұйымдастырылды. Қазақстанның әдемі әрі қарқынды дамып келе жатқан астанасының дәл ортасында жаңа көрнекі орынның пайда болуы — біздің мемлекеттер арасындағы одақтастық қатынастар мен интеграциялық байланыстардың маңызды оқиғасы, көпқырлы ынтымақтастықтың өзіндік географиялық нүктесі. Салтанатты шара барысында мәдениет министрлері халықтарымыздың берік бауырластық байланыстарын, тарихи тамырластық пен рухани жақындығын атап өтті. Сонымен бірге, мәдениет пен өнер салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығы сөз болды», — деп жазды РФ СІМ ресми өкілі.

Мария Захарова Мәңгілік достық аллеясының ашылуын Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың жарқын көрінісі ретінде бағалады.

Соңғы жаңалықтар