• RUB:
    6.5
  • USD:
    512.1
  • EUR:
    583.64
Басты сайтқа өту
Экология 02 Маусым, 2025

Қарасу өзенінің жағасы тазартылды

50 рет
көрсетілді

31 мамырда Экология және табиғи ресурстар министрлігі жергілікті атқарушы органдардың табиғат ресурстары басқармаларымен бірлесіп елорда тұрғындарының демалу және балық аулау үшін сүйікті орындарының бірі Қарасу өзенінің жағалау аймағына тазарту жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл күнді таңдау кездейсоқ емес, сенбілік – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен экологтар күніне орайластырылды. Министрлік елорданы абаттандыруға нақты үлес қосып, табиғатты аялаудың маңыздылығын халықтың есіне салуға күш салып жатыр.

Дәл сол күні еліміздің барлық аумақтық экология басқармаларында осындай іс-шаралар өткізілді. 

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні, тазалық – тазалайтын жер емес, қоқыс тастамайтын жер екенін еске салады. Экология министрлігі «Таза Қазақстан» бастамасының үйлестірушісі ретінде таза әрі қолайлы болашақ құру үшін еліміздің барлық өңірлерінің күш-жігерін біріктіруді жалғастырып жатыр.