• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Әлеуметтік көмектің көлемі артты

100 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері мүгедектігі мен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 217,4 млрд теңге жұмсалды. Бұдан бөлек, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан айырылғандарға 29,6 млрд теңге сомасында әлеуметтік төлем аударылды.

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметін­ше, 2025 жылғы 1 мамырда жәр­демақы алушылар саны 540,4 мың адам болса, бұған қоса асыраушысынан айы­­­рыл­­­ған 196,7 мың адамға төлем беріл­ген.

Мүгедектігі бойынша мем­­­­­лекеттік әлеуметтік жәр­­дем­­ақы­­­лар­дың мөл­шері мү­гедектіктің тобына, сырқатының себебіне қарай белгіленеді. Қаржы «Республи­калық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Асыраушысынан айыры­лу жағ­дайында мемле­кет­тік әлеу­­меттік жәрдемақы­лар­­­­­дың мөлшері қайтыс бол­­­ған асыраушының қам­қор­­лығындағы адамдардың саны­на, қайтыс болу себепте­ріне, ең төмен күнкөріс деңгейі­не қатысты.

Бұдан басқа, міндетті әлеу­меттік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда төлем аударылады. Биыл 91,7 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылғандықтан әлеуметтік төлем алған. 63,5 мыңға жуық отбасына асыраушысынан айы­рылуына байланысты әлеу­меттік төлем берілген.

Төлемдердің мөлшері кейін­гі 2 жылдағы МӘСҚ-ға әлеу­­меттік аударымдар жүр­­­гі­­зіл­ген орташа айлық табыс, еңбек­ке қабілеттілігінен айы­ры­лу коэффициенттері, асырауын­­­дағы адамдар саны, міндетті әлеу­меттік сақтандыру жүйесі­не қатысу өтілі мен табыс­­­­­­­­­ты ауыс­­­­­­­­­тыруына қарай белгіленеді.

Бұл төлемдер респуб­ли­калық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосым­ша беріледі.

Мүгедектігі мен асыраушы­сынан айырылу жағдайында мемлекеттік әлеуметтік жәр­дем­ақылардың мөлшері көбей­ді. Биылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен күнкөріс деңгейі­нің ұлғаюына байланысты 6,5%-ға өсті. Үкіметтің шешімі­­­мен еңбекке қабілет­­тілігінен, асыраушысынан айырылғанда МӘСҚ-дан берілетін төлем­дердің мөлшері де 6,5%-ға артты.

Мәселен, биыл аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ үшін – 101 702, 2-топ үшін – 81 362, 3-топ үшін – 55 474 теңгеге жетті. Еңбек­ке қабілеттілігінен айырыл­ғандарға әлеуметтік төлемдер­дің орташа мөлшері 70 124 теңге болса, асыраушысынан айырылғандарға 72 524 теңге көлемінде қаражат аударылады.