Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасау дерегі бойынша ұсталған Е. Жиенбай екі айға қамауға алынды. Қылмыстық іс 21 маусымда сотқа жолдануы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күдікті қалалық әкімдік ғимараты маңында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс екі бірдей бап бойынша қозғалған. Е. Жиенбайға 15 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуір күні Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов әкімдік ғимараты маңында жарақат алып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген еді. Оған шұғыл түрде ота жасалып, кейін жағдайы тұрақтанған.
Шымкент қаласы әкімдігі де ресми мәлімдеме жасап, істің тергелу барысы қатаң бақылауда екенін хабарлады.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.