1958 жылы Мао Цзэдун торғайларға қарсы соғыс жариялады, оларды егістіктерді құртады деп айыптады. Осы айыптаудың соңынан іле-шала асығыс қадамдар жасалды...
Қытай халқы бұл бұйрықты үлкен ынтамен орындады: адамдар шатырларға шығып, шүберекпен желпіп, шу шығарып, торғайлардың қонуына мүмкіндік бермеді. Қанаттары талып, қона алмаған торғайлар әуеде құлап өлді. Оларды арнайы қабылдау орындарына тапсырып отырды, ал бірнеше күн ішінде миллионнан астам торғай жойылды. Бірнеше айдан кейін ел аумағында іс жүзінде жойылып кетті.
Бірақ келесі жылы апат орын алды. Табиғи жауы жоқ жұлдызқұрттар егістіктерді жаппай жоя бастады. Нәтижесінде, жаппай ашаршылық басталды, оның ауқымын Екінші дүниежүзілік соғыстағы шығындармен салыстыруға болатын еді.
Кез келген құбылыстың, әсіресе қаржы саласындағы мәселенің екі жағы бар: оң әсері және теріс әсері. Кейде біз тек теріс жағын көріп, сәйкесінше әрекет етеміз. Салдарын ойламаймыз. Сондықтан шешім қабылдамас бұрын талдау жасау керек.
Мысалы, шешімді Бизнес-ТРИЗ құралын қолдана отырып жасауға болады. Онда талдау – бар болғаны 1 сағат уақытты алады. Барлық істі ысырып қойып, 1 сағат тек мәселеге акцент қойып, жан-жақты саралау керек. Қазақтың әлгі жеті өлшеп, бір кес дейтіні сол ғой. Енді сұрақ бар. Шешім шығарарда қандай талдаулар қолданып, қалай ойланасыздар?