• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Медицина 23 Мамыр, 2025

Жаман ауруды жедел анықтайтын тәсіл табылды

50 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында онкологиялық ауруларды анықтауға арналған экспресс-гистология іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

​Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, көпбейінді онкология және хирургия орталығы аты жаман аурумен күрестің жаңа сатысына көшіп отыр.

​Орталықта жылына 800-ден астам ота жасалады. Бұрын пациентке медициналық сараптау қорытындысын қою үшін оның гистологиялық талдауы Алматы және Астана қалаларына жіберіліп, қорытындысын күту үшін 2-3 апта уақыт кететін. Гистологиялық зерттеу нәтижесі келмейінше, науқасқа ем тағайындау да мүмкін емес еді. Енді сол олқылықтың орны толтырылды.​Мамандардың айтуынша, экспресс-гистология – ота кезінде алынған тін үлгісін жедел түрде мұздатып, микроскоппен зерттеуге мүмкіндік беретін заманауи әдіс. Ол небәрі 15-20 минут ішінде нәтижені анықтап, операция барысына дереу өзгеріс енгізуге жағдай жасайды. Мұндай технология хирургияның дәлдігін арттырып қана қоймай, емнің тиімді стратегиясын таңдауға мүмкіндік береді.​

Орталық мамандарының әдісті меңгеру бойынша біліктіліктері жетілдіріліп, тәжірибе алмасулардан өтті. Алдағы уақытта онкологиялық ауруларды 15-20 минутта анықтайтын әдістің арқасында бұл дертті емдеуге тиімділік те жоғарыламақ.​​​​​​​​​

Жамбыл облысы