• RUB:
    6.37
  • USD:
    507.07
  • EUR:
    572.53
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 09:55

Компания көлік сыйлады

30 рет
көрсетілді

Халықаралық сауда-өндірістік «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы 10 жылдық мерейтойына орай Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына 10 заманауи жедел жәрдем автокөлігін сыйға тартты.

Салтанатты іс-шарада ком­панияның басқарушы директоры Алексей Сердю­ков денсаулық сақтау саласы елдегі ең маңызды са­лалардың бірі екенін айта келе, компанияның жедел жәрдем көліктерін тарту етуі – өңірдің әлеуметтік қамтамасыз етілуіне қосқан үлесі екенін айрықша атады.

«Сіздер өндірілетін өнім­нің сапасы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілік арқылы да халық игілігі үшін барлық салада, соның ішінде денсау­лық сақтау жүйесін қол­дау бағытында еңбек етіп жат­қандарыңыз­ды дәлел­дедіңіздер. Бұл – ком­панияларыңыздың осы саладағы әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнестің халықпен қа­рым-қатынаста қалай әре­кет етуі керектігінің жар­қын үлгісі. Осыған орай, Алматы облысының ден­саулық сақтау бас­қар­ма­сы, облыс әкімдігі, өңір тұр­ғындарының аты­нан көр­сеткен қолдаула­ры­ңыз­ға шынайы алғысымды біл­ді­реміз. Өз кезегінде басқа да ірі бизнес өкілдері де сіз­дерден үлгі алады деп се­не­міз», деді Алматы об­л­ы­сының денсаулық сақ­тау басқармасының бас­шысы Ержан Сүлейменов.

Қанатын кеңге жайған компания елімізде 10 жыл бұрын тіркеліп, 2018 жылы Қонаев қаласының ма­ңында заманауи өнді­рістік-логистикалық ке­шен ашылды. «Маревен Фуд Тянь-Шань» еліміздегі жетек­ші азық-түлік өндіруші компаниялардың ТОП-10-дығына кіреді. Айта кету керек, компания негізінен жергілікті шикізатты пайдаланады, өндірілетін өнімдер елі­міздің заңнамасының талап­тары мен регла­мент­теріне сай келеді.

 

Алматы облысы